Жамбылдық спортшы кадеттер арасында өткен әлем чемпионатында топ жарды

16:36, 13 қыркүйек 2017

Чилиде кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты болып өтті. Онда біздің Отандасымыз, жамбылдық Нұрзат Сәлімбаев күміс медальді жеңіп қайтты.

Чемпионатқа әлемнің 68 елінен 440-дан астам жас спортшылар қатысты. Біздің дзюдошыларымыз 2 медальді жеңіп, әлем чемпионатында медальдық кесте бойынша 12-ші орынға жайғасты. 60 келі салмақ дәрежесіндегі Нұрзат Сәлімбаев Чилидің спортшысы Алижандро Реттималдуды жеңді, одан соң  отандасымыз Тәжікстан спортшысы  Құрбанәлі Базаровпен бәсекеге түсте. Жартылай финалға шығу үшін Аргентиналық спортшыны ипонмен жеңіп, Азия Чемпионы Моңғолиялық Нармандах Баянмухтеннен мықты екендігін дәлелдеді.

Нұрзат Сәлімбаев, дзюдодан кадеттер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Финалда мен орыс палуанымен бәсекеге түстім. Алайда, алтынды оның қанжығасына беріп қойдым.Барлығы шыншыл өтті. Нәтиже жаман емес, бірақ болашақта тек алтын аламын деген ойдамын

Әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасының қоржынытағы бір медалімен толықты. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Серікболсын Шынтас қола медальді жеңіп алды. Бұл көрсеткішер елімізде дзюдо спортының жақсы дамып келе жатқандығын дәлелдейді.

Елдос Сметов, олимпиаданың күміс жүлдегері

Бізде Дзюдо жақсы дамып келе жатыр. Осының көрсеткіші мінекей жап-жас жігіт екінші орынды иеленіп отыр.  Қазір дзюдошылардың болашақ ұрпағы өсіп келеді. Мен олардың алдағы уақытта мықты көрсеткіштер көрсететіне сенімідімін

Нұрзат Сәлімбаевтың бұл жеңісін бүкіл елі, туған-туыстары сондай-ақ Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов құттықтап, жас спортшыға еліміздің атын әлемдік аренада асқақтата берсін деп тілек білдірді.

Шырайлым Болатбекқызы, Руслан Сандыбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараз командасы волейболдан жеңімпаз атанды
20:01, 19 қыркүйек 2017
Тараз командасы волейболдан жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...