ШҰҒЫЛ! ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ Толығырақ

ЖАС ХОККЕЙШІЛЕР ЖЕҢІСІ

14:19, 7 ақпан 2019

Оңтүстік Кореяда  жастар құрамасы арасында хоккейден халықаралық турнир басталды. Айтулы доданың алғашқы матчында Қазақстандықтар  Жапон жастарымен айдынға шықты.

Оңтүстік кореядағы дәстүрлі хоккей кубогі Каннын қаласында ұйымдастырылуда. Оған биыл Қазақстанның жастар құрамасы барыпты. Олар наурызда Ресейдің Красноярскі қаласында өтетін  қысқы универсиядада өнер көрсетпек. Осы үлкен дода алдында Кореядағы турнир біздің хоккейшілер үшін шеберлік шыңдауға тамаша мүмкіндік болып отыр.  Алғашқы ойын құрлық мықтысы жапондармен кездесуде жеңіске деген мүмкіндік аса жоғары емес еді.  Алайда, Матчтың алғашқы минутында Қазақстандық команда есепті ашып, бірінші кезеңді 3 голмен аяқтады. Екінші кезеңде жапондықтар 2 гол соғып қарымта қайтаруға тырысты.   Дегенмен, екпінге екпін қосқан Қазақстан құрамасы тағы екі гол соғып, 5: 2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы келесі матчты Оңтүстік Корея құрамасымен  ойнайды. Алаң қожайындарына қарсы ойын тартысты болары анық. Ал одан кейінгі кездесуде жас хоккейшілер  Латвия құрамасымен күш сынаспақ.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ
19:17, 15 ақпан 2019
ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
13:47, 11 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
Толығырақ...
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
14:38, 12 ақпан 2019
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
Толығырақ...