ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

15:54, 7 маусым 2019

Қазақстан жастар құрамасы 2021 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Олар Фарер аралдары командасымен кездесу өткізіп, қарсыластарын  3-1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, жастар құрамасы үшін Еуропа чемпионаты 1972 жылдан бері өткізіліп келеді. Чемпионаттың іріктеу кезеңінің ережесіне сай команда ойыншылары  21 жастан аспауы тиіс. Ал, ендігі Еуропа чемпионаты 2021 жылы өтеді. Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Испания, Фарер аралдары, Черногория, Израиль және Солтүстік Македония жастар командаларымен жүздеседі деп күтілуде. Сондай-Ақ, бірінші іріктеу матчында біздің отандастарымыз Фарер аралдарының командасына қарсы ойнады. Матч жылдам голмен басталды. 2-минутта Еркебұлан Сейдахметтің пасынан кейін Акмаль Бахтияров есеп ашты. Ал екінші таймда Дмитрий Бачек те алаңға шыққан алғашқы минутында-ақ екінші голдың авторы атанды. Ойын барысында қарсылас команда ойыншысы есеп айырмасын қысқартқанымен, ел футболшылары жеңіс есебін қолдан жіберген жоқ.  Жарыс соңына қарай қазақстандық құрама бапкері  Александр Москаленко тағы бір рет көрегендігін танытып, алаңға Владислав Прокопенконы шығарды. Ол  88-минутта матчтың нүктесін қойып, есепті еселей түсті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...