"Жекпе –жек" ұлттық спорт түрінен қр кубогі сарапқа салынды

22:30, 17 сәуір 2017   158

ҚР Жекпе- жек ұлттық спорт федерациясы және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен жекпе- жектен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан республикасының кубогі жолындағы жарыстар өтті.

Жекпе- жек ұлттық спортынан Азия кубогіне іріктеу қарсаңында сарапқа салынған Қазақстан Республикасының кубогі жолындағы жарысқа еліміздің барлық облыстары мен екі қаласынан 15 команда қатысты. Үш күнге созылатын турнирге 200 ден астам спортшы жиналған.  Ол жеті жастан он төрт жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 14 жастан жоғары жастар арасында өтеді. Ұлттық спорт ретінде қалыптасқан жекпе- жек спортына қазіргі таңда қызығушылық өте жоғары дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан да жарыстың ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Тараз жерінде өтіп отырған Республикалық турнирден бірінші орын алған командалар, алдағы уақытта өтетін Азия кубогі сарапқа салынатын жарыстарға қатысады.

 

Шерахан Абделиев «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40