ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖЕРЛЕСІМІЗ-АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

18:11, 13 тамыз 2019

Кувейт елінде бокстан 2005-2006 жылы  туылған жасөспірімдер арасында  Азия чемпионаты мәреге жетті. Байрақты бәсекеге қазақстан құрама командасының  сапында 15 былғары қолғап шебері қатысса, оның ішінде 4- Жамбылдық жампоз сынға түсті. Солардың бірі жерлесіміз  Ердос Шәріпбек  Азия чемпионы атанды.

Ердос Шәріпбектің  бокспен айналысып жүргеніне 5 жыл болған. Осы жылдар ішінде еліміздің еш спортшысына дес бермей, Қазақстан чемпионы атанған.  Енді міне Азия біріншілігінде де топ жарып, жеңіс тұғырынан көрініп отыр. Алдағы уақытта да дүниежүзілік  дүбірлі додаларда еліміздің көк туын желбіретсем деген арманы бар.

Ердос ШӘРІПБЕК- ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ/// Алға қойған мақсатым әлем чемпионы болу. Ербол Алпысбаев бапкеріме және ОСЫ ЗАЛҒА МЕНІ АЛҒАШ АЛЫП КЕЛГЕН, бек ағама алғыс айтамын.

 + 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Ердос алғашқы қрасыласы Йордания корольдігінің спортшысын 2- раундта техникалық нокаутпен жеңсе, жартылай финалда Түркмендік боксшыны да еденге сұлатып, финалға жолдама алды. Ақтық сында Үндістанның былғары қолғап шеберімен  жұдырықтасқан ол тағы да өз қарсыласын  айқын басымдықпен  жеңді.

Ербол  АЛПЫСБАЕВ –ЖАТТЫҚТЫРУШЫ /// Ердоспен жұмыс жасап жүргеніме 5 жыл болды. Осы уақыт ішінде ҚРчемпионы атанды. Кувейтте Азия чемпионы болды. Біздің мақсат Олимпиада шыңын бағындыру.

 Азия біріншілігінде  Қазақстан құрамасы 2 алтын  1күміс, 7 қола алып, командалық есепте 3 –орынға ие болды. Айта кетейік, Жамбылдық  былғары қолғап шеберлері 1 алтын, 2 қолаға  қол жеткізді.

С. Жұмабек, Нұрлыбек Құдияров «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар