ШҰҒЫЛ! САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ Толығырақ

Әлімқұлов Бақытжан Советұлы

Әлімқұлов Бақытжан Советұлы Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі. 1966 жылы Жамбыл облысы Меркі ауылында туған. Еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл ауданында «Шұғыла-Радуга газетінде баспаханашы болып бастаған. Әл Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті журналистика факультетің түлегі. Мамандығы журналист. 1992 жылы, Республикалық «Санат» баспасында редактор, 1993 жылы сатиралық «Ара-Шмель» журналында фельетонист қызметтерін атқарған. 1994 жылы Жамбыл облыстық телерадикомпаниясының редакторы, 2004-2006 жылдары Қазақстан ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, 2006-2014 «Қазақстан» РТРК ЖОФ редакторы, 2014-2017 «Қазақ» радиосының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі.

2017 Жылдан қазірге дейін Жамбыл радиосының жеткшісі. «Ақпарат саласының үздігі». Жамбыл облысы әкімінің үш мәрте, Мәдениет және ақпарат министрінің екі мәрте «Құрмет грамотасының» иегері. «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» атты той кітабының және «Мен де бірдеңе дейінші..», «Ерін туралы ертегі», «Бұл мен ғой» сатиралық жинақтары мен «Қоянның құлағы неге ұзын атты балалар кітабының авторы.