ШҰҒЫЛ! КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕР ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ Толығырақ

Қарашев Айбол Бақытжанұлы

12121212.PNG

1986 жылдың 12-қыркүйегі күні Тұрар Рысқұлов ауданы Қазақ ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепке барып, 2004 жылы оны бітіріп шыққан. 2004 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университетінің Халықарарлық қатынастар факультеті, Журналистика бөліміне оқуға түсіп, оны 2008 жылы үздік тәмамдаған. 2009-жылдың 17-тамызынан бастап, «Қазақстан» РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалында редактор, редактор- жүргізуші қызметін атқарды. Ал, 2021 жылдың 16 маусымынан бастап "Jambyl" телеарнасы директорының орынбасары - бас редактор қызметіне тағайындалды.  Отбасылы, 3 ұл тәрбиелеп отыр. Әр жылдары ҚР Президентінің алғыс хатымен, Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасымен, "НұрОтан" партиясы Жамбыл облыстық филиалы, Тараз қаласы әкімдігінің алғыс хаттарымен және «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасының 2015- 2019 жылғы жұмыс қорытындысымен корпорация дамуына қосқан үлесі үшын алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Ақпарат саласының үздігі.