ШҰҒЫЛ! САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ Толығырақ

Құлманбет Аягөз Тілеуханқызы

Мен Аягөз Тілеуханқызы Құлманбет 1980 жылы 2 желтоқсанда Жамбыл облысы Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылында туылғанмын. 1986-1998 ж.ж. аралығында осы ауылдағы Шона Смаханұлы атындағы орта мектепті қызыл аттестатқа бітіріп шықтым. 1999 жылы Орталық –Азия Университетіне «Құқықтану» мамандығына оқуға түсіп, жоғары оқу орнын 2006 жылы тәмамдадым.

2005 жылдың мамыр айынан бастап «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы «Қазақстан-Тараз» телеарнасында редактор қызметіне кірістім. Тұрмыстамын, төрт баланың анасымын. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесімін, «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы», «Jambyl»телеарнасының 30 жылдығы мерейтойлық медальдарымен марапатталғанмын. ҚР Ақпарат және даму министрлігінің Құрмет грамотасымен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамотасымен және өзге де түрлі алғыс хаттарым бар. Қазір «Jambyl»телеарнасында редакторлық қызметтемін.