ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

Мейіржан Әлібекұлы Жиенәлі

Мейіржан Әлібекұлы Жиенәлі 1984 жылдың 1 тамызы күні Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетіне түсіп, 2005 жылы оқу ордасын «телерадиожурналист» мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары. Журналистикадағы жұмыс өтілі - 17 жыл.

Еңбек жолын 2005-2006 жж. «Qazaqstan» РТРК Атырау облыстық филиалының «Жаңалықтар» бағдарламасында редактор- жүргізуші болып бастаған.

2006-2009 жж. «Qazaqstan» РТРК Алматы бюросының «Жаңалықтар» бағдарламасында тілші, редактор, 2009 жылдан «Qazaqstan» РТРК Астана дирекциясының «Жаңалықтар» бағдарламасында редактор-жүргізуші,редактор-аналитик, телеарна дауысы, шеф-редактор, ҚР Президентінің журналистік пул тілшісі болды. Әрі қарай «Аптa.kz» саяси-сараптамалық бағдарламасында редактор-жүргізуші, Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының Саяси және аналитикалық бағдарламалар өндірісі бойынша орынбасары қызметін атқарды. Бүгінде «Qazaqstan» РТРК Жамбыл облыстық филиалының директоры.

ҚР Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Сыйлығының иегері /2018 ж./ ҚР Ақпарат саласының үздігі /2015 ж./ «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы /2010 ж./ «Халық сүйіктісі» ұлттық байқауының жеңімпазы /2015 ж./Отбасылы. 2 ұл, 2 қызы бар.