ШҰҒЫЛ! САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ Толығырақ

Шәмші Келбет Сәкенқызы

Шәмші Келбет Сәкенқызы. 1993 жылы 1 қазанда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,Сарыкемер ауылында дүниеге келген. 2001-2011жж. Сарыкемер ауылы Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гиманзиясында оқыған. 2011-2015жж М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығын бітірген.

2016-2018жж. Жамбыл облыстық «77TV» коммерциялық телеарнасында редактор-координатор болып қызмет атқарған.

2018 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚЖамбыл облыстық филиалында редактор болып жұмыс атқарады. Осы жылдар ішінде аймақтың тыныс-тіршілігін насихаттап, телеарнаның өркендеуіне сүбелі қосқан үлесі мен еселі еңбегі үшін бірқатар марапаттарға ие болған.

2017ж. – Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының алғыс хаты;

2018ж. – Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музей директорының дипломы;

2019ж. – «Jambyl» телерадиоарнасының 30 жылдық мерейтойына орай, алғыс хаты;

2019ж. – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаты;

2020ж. – Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының грамотасы;

2020ж. – Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының алғыс хаты;

2021 ж. – Меркі ауданы әкімінің алғыс хаты;

2021ж. – «Qazaqstan»РТРК АҚ Басқарма төрайымы Л.Танысбайдың Құрмет грамотасымен марапатталған.