Қаламызда «ASPARA FASHION WEEK» сән апталығының 9-шы маусымы шымылдығын түрді. Шарада Қазақстан сән әлемінің саңлақтары мен бірге сән индустриясының белгілі тұлғаларының жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. Тараз қаласынан шыққан белгілі сәнгер «Асыл-Дизайн» сән үйі мен «Аспара» модельдік өнер және бизнес колледжінің негізін қалаушы Айдархан Қалиев ұйымдастырған апталықта Еуропа мен Азия елдерінен шыққан 35-ке жуық дизайнердің туындылары ұсынылды. Апталықты облыс әкімі Нұржан Нұржігітов ашып берді.