Таразда «Текті сөздің төресі – терме» облыстық байқауы өтті. Шараның басты мақсаты – тіл мәдениетін дамытып, дәстүрлі терме жанрын халыққа кеңінен насихаттау. Ұлттық өнеріміз ұлықталған өнегелі сайысқа сөз өнерін жетік меңгерген термешілер қатысып, сынға түсті.
Облыстық байқауға аудандар мен Тараз қаласынан 11 үміткер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Үміттерін үкілеп келген термешілер ұлттың болмысын, елдің бірлігін, Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы термелерін арқау етті.
Мәлік МЫҚТЫБЕК - ҚАТЫСУШЫ
Бағдат НҰРЛАНОВ - ҚАТЫСУШЫ
Қазылар алқасы термешілерді әншілік шеберлігіне, таңдаған туындысының мазмұндылығына, сахна мәдениетін ұстауына қарап баға береді.
Дүйсенбек ӨМІРАЛИЕВ – ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Жүлделі орын алған қатысушылар тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алады.
К.Шәмші, Т.Терлікбаев ЖҚ