ШҰҒЫЛ! ӨРТ ҚАУПІ СЕЙІЛУДЕ Толығырақ

БЮДЖЕТКЕ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

20:18, 4 шілде 2019

Сенат бюджет туралы заңға түзетулерді қабылдады. Ол Президенттің көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың қарыз жүктемесін азайтуға қатысты тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған. Бұған қоса кәсіптік білім беру жəне "Бастау Бизнес", "Еңбек" бағдарламаларына қаржы бөлінеді  Баспана мен атаулы əлеуметтік көмек мәселесін шешуге де ақша қарастырылған. Құжатта Үкімет резервін 72,2 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылды. Аталған қаражаттың бір бөлігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарларын жоюға бағытталады.

ӘЛИ БЕКТАЕВ,ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ 

(Осы қаржының қаншасы сол төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жұмсалатын болады? Сол жұмыстардың көлемі анықталды ма?)

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ

(Арыс қаласы бойына бірінші шілдедегі  алдын ала есептеулерге сәйкес  34,5 млрд теңге керек. Соның ішінде әрбір тұрғынға 100 мың теңгеден төлеу үшін 4,5 млрд теңге, үкімет резервінен 2 млрд теіге, Түркістан облысы бюджетінен 1 млрд теңге және қайырымдылық көмек есебінен 1,5 млрд теңге есебінен қаржыландырылады. )

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛАНДЫРУ: ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЭКОНОМИКА
20:36, 27 тамыз 2021
ЦИФРЛАНДЫРУ: ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЭКОНОМИКА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕГІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНДА КЕМШІЛІК КӨП
14:12, 5 тамыз 2022
МЕКТЕПТЕРДЕГІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНДА КЕМШІЛІК КӨП
Толығырақ...