Жамбылдық бағбандар соңғы жылдары интенсивті алма бақтарды өсіруге ден қоя бастады. Мәселен: былтыр аймақта 200 гектарға жуық алма бағы жаңа әдіспен өсірілген. Бұл суды үнемдеп, өнімді мол алуға көмектесетін бағыт. Шу ауданы Қорағаты ауылдық округінің аумағында орналасқан «Зәмзәм» шаруа қожалығы биыл 30 гектар жерден алма жинап, оны қоймаға сақтау жұмыстарын аяқтады.