ШҰҒЫЛ! 1 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

КІТАП АЛМАСУ АКЦИЯСЫ

14:41, 17 мамыр 2019

Таразда буккросинг-кітап алмасу акциясы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптардың мән-мағынасы түсіндірілді. Еркін форматта өткен іс-шараға жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері, белсенді жастар мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Шараның мақсаты - «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптарды жастардың білім алып, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін меңгертіп қолдану. Аталған жоба аясында шаһардағы 3 жоғарғы оқу орнына 6160 кітап келіп түскен. Бұл оқулықтар кез-келген тұрғын  үшін қолжетімді болып отыр.Өйткені цифрлы жүйе арқылы,  ұялы телефоныңызға арнайы қосымшаны жүктеп оқи аласыз. Акция барысында әлемдегі түрлі бағыттағы таңдамалы оқулықтар жиылған көпшілікке таныстырылып, түсіндірілді.Сондай-ақ, қазіргі қоғамда кітап оқудың маңыздылығы талқыланды.
 

Бақытжан ҚҰТЖАН – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ОФИСІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
 

 

Тақырып бойынша материалдар

«МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ» ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ
21:13, 11 қазан 2021
«МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ» ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар