ШҰҒЫЛ! 1 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

ҚҰЛТЕМІРЛЕР ЖАРЫСЫ ӨТТІ

21:00, 29 сәуір 2019

Таразда робототехника бойынша оқушылар мен студенттер арасында облыстық «КазРоботикс» чемпионаты өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жарыс оқушылар мен орта арнаулы оқу орындарының шығармашылық деңгейін ұштастыруға бағытталған.
Байқауға облыстан 300 мектеп оқушысы мен 78 ұстаз қатысты. Республикалық чемпионаттың іріктеу кезеңі 6 мен 21 жас аралығындағы оқушылар мен студенттерге және А, В және С лигалары негізінде өтті. Қатысушылар сызық бойынша жарыс, кегельринг, робо-сумо, квадро, биатлон, эстафета және лабиринт санаттары бойынша бақ сынады.

Сағадат Бесімбаев – Білім берудің бірыңғай ақпарттық жүйесі орталығының директоры

 Расында да, балалардың ұшқыр ойлары осы саланың мамандарын да таң қалдырып отыр. Жеткіншектерде тың идеялар көп. Осындай таланттардың бірі Өтеміс Елубай өзінің құлтемірін эстафета санаты бойынша сынап көрді.

 Өтеміс Елубай - қатысушы
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, қазан айында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алады.

 

К.Шәмші, Ғалымжан Есенбаев «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

«МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ» ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ
21:13, 11 қазан 2021
«МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ» ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар