ШҰҒЫЛ! 1 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

ТАРАЗДА 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ КІТАП, ОҚЫП МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ

13:51, 24 мамыр 2019

Бүгінгі жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында «Кітап оқып, миллионер бол!» атты қалалық көркем әдебиет байқауы өз мәресіне жетті. Қалалық «Жамбыл-Тараз» газеті ұйымдастырған білімділер бәйгесінде жүзден жүйрік шыққан тараздық 9-сынып оқушысы Қазына Әбдісейіт «Миллионер» атанды.

Сонымен, 8-11 сыныптар арасында шаһардағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ-классикалық гимназиясында оқитын Қазына Әбдісейітке құны 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Ол осы уақытқа дейін 40 шақты кітап оқып үлгеріпті.

Қазына ӘБДІСЕЙІТ – МИЛЛИОНЕР ОҚУШЫ

Ал, 5-7 сыныптар арасында кітап оқуға деген зор құлшынысы мен қызығушылығының арқасында №54 орта мектептің 6-сынып оқушысы Тоғжан Аллаберген 2 орынды иеленді.

Тоғжан АЛЛАБЕРГЕН – БАЙҚАУДЫҢ  ЖҮЛДЕГЕРІ

Байқау былтыр қараша айында жарияланған болатын. Жоба аясында ақылдастар алқасының құрамы бекітіліп, қала мектептерінің оқушыларына 100 кітаптың тізімі ұсынылыпты. Жас өрендердің кітапқа деген махаббатын оятатын, елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған сайысқа Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров демеушілік етіпті.

Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ
Жалпы шараға қала бойынша мыңнан астам мектеп оқушылары қатысып, 20 мыңнан астам кітап оқылыпты. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кітап оқып миллионер бол хештегімен үш мыңға жуық жазба жарияланған.

К.Шәмші, Асқар Әділ ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

«МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ» ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ
21:13, 11 қазан 2021
«МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ» ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар