ШҰҒЫЛ! 1 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

ЖАС ДИРЕКТОРЛАР МЕН ҮЗДІК ҰСТАЗДАР САЙЫСЫ

14:23, 20 мамыр 2019

Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген ұстаздар байқауда бақ сынады.  Жас директорлар сайысында біліктілік сынға түссе, үздік педагог конкурсында ғылыми және тәжірбиелік жұмыстар  сараланды.  

Жас директорлар байқауына қатысушы 10 үміткер   үш кезең бойынша сынға түсті. Олар «Директордың кәсіби өсу жолында» тақырыбындағы бейнетүсірілім. «Мектепті дамытудың страгетиялық жоспары» жобасын таныстыру және «Мектебімнің тиімділігін арттыру үшін мен не істеуім керек» деп аталған эсселерін қорғады.

Күлизат БАҚТЫБАЕВА ИНОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Ал,  техникалық және кәсіптік білім беруді жандандыруға бағытталған «Үздік педагог» сайысына 8 үміткер қатысты. Әр түрлі ғылыми жұмыстары мен педагогикалық методикаларын ортаға ұсынған ұстаздар өз баяндамаларын слайд шоу арқылы таныстырды.

Айман КАЛМАТАЕВА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

/Бұл сайыста заманауи озық технологиялармен жұмыс жасайтын мұғалімдер өзара іс-тәжірибелерімен алмасады. Менің ойымша, бәрі жоғары дайындықпен келген. Бірақ әлі де үміткерлер саны аз. Әрбір оқу орнында техникалық мамандықтар оқытылады. Сондықтан, бәрі атсалысу керек деп ойлаймын/.   

Базарбай Айтбаев  МЕРКІ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

/Абайдың адам бол, еңбек ет деген қағидасын оқудағы принципім деп білем. Балаларға берерім көп../

Педагог мәртебесін биіктетуге бағытталған жарыстың қорытындысы виртуалды дауыс беру арқылы тамыз айында анықталатын болады. Ал, үшінші шешуші кезеңі ағымдағы жылдың қазан айында өтеді. Үздіктер  республикалық байқауда бақ  сынайтын болады.           

Жансая Айтбекқызы  Қасымжан Байкүшіков Тоқтар Терлікбай    «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ» ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ
21:13, 11 қазан 2021
«МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ» ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар