Бүгін мектеп бітірген түлектер үшін тарихи сәт. Мектеп бітіру кеші Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясында да ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Еліміздегі ең үздік елу мектептің қатарына енген білім ошағының жеткен жетістіктері де аз емес. Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 10-ы «Алтын белгіні», 8-і «Үздік аттестатты» ақтап отыр.