Бүгінгі күні елімізде коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты эпидемиологиялық ахуал нашарлап, облыс қызыл аймаққа кіріп отыр.
Бір ғана Мойынқұм ауданынан 9 науқас індетке шалдыққан. 4 науқас аудандық орталық ауруханада ем қабылдаса, оның 2-і симптомсыз, 2-і амбуллаториялық ем қабылдауда. Тағы екі науқас пневмониямен дәрігерлер бақылауында. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында коронавирус өршіп тұр. Аудан бойынша 2665 жасөспірім алу керек болса, бүгінгі күні 714-ті екпе алды. Жүкті әйелдерден 179 әйел азаматшадан 67 әйел ғана вакцина салдыртқан. Ал 401 бала емізетін аналардың 114-і екпе қабылдаған.