Коронавирус жұқтырғандардың оқшаулану мерзімі қысқарады. Бас санитар дәрігердің тиісті қаулысы әзірленіп жатыр. Яғни, ковидпен ауырған адам 14 емес, тек 10 күнге карантинге жабылады. Тағы бір маңызды ақпарат, птр тестің қорытындысына қарай «Ашықтағы» мәртебе түсі де бір аптада ауысады. Айта өтейік, жаңа қаулы шыққанға дейін, карантин тәртібі бұрынғыша 14 күн болып қала береді.