ШҰҒЫЛ! САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ Толығырақ

НӘЗІК ЖАНДЫЛАР САУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

23:53, 21 қаңтар 2022

Қазіргі таңда жасыратыны жоқ, қыз-келіншектерде жатыр мойыны ісігі ауруы кездеседі. Дәл осы кеселдің алдын алу мақсатында облыстық онкология диспансерінде апталық өтуде.

Дәрігерлер аталған ауру көбіне 40 -60 жастағы әйелдерде жиі кездеседі дейді. Бірақ соңғы жылдары 20-30 жас аралығындағы бойжеткендерден де байқалатын көрінеді.

Бүгінде жатыр мойны қатерлі ісігі бүкіл әлемде, әсіресе елімізде өзекті болып отыр.Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын 500 мыңнан астам адам тіркеледі екен. Оның 300 мыңнан астамы осы аурудан көз жұмады. Ал біздің өңірде былтыр қатерлі ісік диагнозымен 545 әйел ауырған. Сол уақытта дерттен 46 әйел қайтыс болыпты.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар