ШҰҒЫЛ! САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ Толығырақ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ - «ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТА»

21:31, 17 қаңтар 2022

Жамбыл облысы эпидахуалға байланысты  сары аймақтан қызыл аймаққа өтті. Соңғы тәуліктің өзінде өңірде 257 адам инфекцияның  ілмегіне ілінген. Ал аймақтағы бас санитардың жариялаған жаңа қаулысы қандай? Оқушылардың білім алу жүйесі мен шектеу шаралары туралы Шерхан Абзалұлы баянадйды.

Қатаң мінез танытатын қаңтардың бел ортасында енді жеттік. Деседе жаңа жылдың басынан бері 1082 адам ковид жұқтырып үлгерген. Ауруды ауыздықтау үшін енді тәртіп күшейіп, жиындардың барлығына тиым салынбақ. Кодвидпен қатар жығылғанға жұдырық болып, жаһанды жайлаған «Омикрон» штамы да елде тіркелген еді. Алғаш Алматы облысында анықталған ауру біздің де өңірде болуы мүмкін дейді облыстың бас санитары.

Сонымен қатар білім беру жүйесінде де аты жаман індетті жұқтырғандар жетерлік. Статистиканы сөйлетсек сырқаттанған 379 адамның 259-ы оқушылар. Жағдайды одан әрі ушықтармас үшін бұдан былай 600-ден асатын білім ордаларының барлығы онлайн оқу форматына көшеді. Тек 1 мен 2-ші сыныптағы балалар санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі түрде оқиды. Ал қашықтан оқытудың қалыпты оқу жүйеге қашан оралары әлі белгісіз.

Жалпы Жамбылда 468 білім беру ұйымының 148-інде 600-ден асатын оқушы бар. Атап айтқанда 84 мың оқушы енді онлайн оқымақ. Ал колледждер мен жоғары оқу орындарында әзірге еш өзгеріс жоқ. Еске салсақ елдегі төтенше жағдайға байланысты 24-ші қаңтардан бастап білім беруді бастайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар