Облыс әкімі сондай-ақ, жуалылықтардың талап-тілектерін де тыңдады. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, шешу жолдарын қарастырды. Бауыржан Момышұлы және Қарасаз ауылдарына арнайы ат басын бұрған аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов тұрғындарды алдағы маңызды оқиға – референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.