ШҰҒЫЛ! МИНИСТРДІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

АУЫЗ СУ МЕН КӨГІЛДІР ОТЫН МӘСЕЛЕСІ 2025 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

20:58, 12 мамыр 2022

 

Жамбыл облысының тұрғындары таза ауыз сумен және табиғи газбен 2025 жылы толығымен қамтылады. Бұл туралы энергетика басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев айтты. Аймақта ауыз су, табиғи газбен қамту, жылу-энергетикасы және тұрғын үй жөндеу бағытында 133 жоба жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа  38,0 млрд.теңге қарастырылған. Яғни, қаражат  өткен жылмен салыстырғанда 39,2 пайызға артық қарастырылып отыр.

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов жауаптыларға қазына қаражатын тиімді жұмсап, жобалардың сапалы жүзеге асыру қажеттігін ескертті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар