ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПӘКІСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

АВТОБУСТЫ МАС КҮЙІНДЕ БАСҚАРҒАН

19:51, 18 қазан 2019

 

Таразда автобусты  мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды. «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық көліктің техникалық жағдайының сәйкестігін тексеру үшін  Привокзальная көшесінде 40 маршруттық автобус тоқтатылған. Жүргізушімен сөйлесу барысында полицейлер оның алкогольді ішімдік ішкенін анықтаған.

Ал, медициналық сараптама қорытындысы да  жеңіл түрдегі  мас  күйде болғанын көрсетті.  «Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі «жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруы» бойынша  хаттама  толтырылды.  Енді ол үш жыл мерзімге көлік жүргізу  құқығынан айырылуы мүмкін. Анықталғандай, ол  13 рет жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін  түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Сондай-ақ,  2015 жылы қарсы  қозғалысқа арналған жолдың  жаяу  жүргіншілер бөлігіне шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны да белгілі болды.  

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ҚАШАН ОРЫНДАЛАДЫ?
20:51, 17 қыркүйек 2021
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ҚАШАН ОРЫНДАЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫЗЫЛ АБАДТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
20:51, 17 қыркүйек 2021
ҚЫЗЫЛ АБАДТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗДА ЖҮРГІЗУШІ 4 АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ
22:02, 15 қыркүйек 2021
ТАРАЗДА ЖҮРГІЗУШІ 4 АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ
Толығырақ...