Байзақта алдағы 3 жылда бір де бір ірі инвестициялық жаңа жоба жүзеге асырылмайды. Тек алдыңғы жылдары басталған жобалар жалғасады. Алайда бұл жеткіліксіз! Қала іргесіндегі ауданға қаржы тартып, іс бастауға инвесторлар құлықсыз ба, әлде жауаптылардың жұмысы жүйесіз бе?
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымен танысқан облыс әкімі ондағы алдағы уақытта атқарылатын тірліктерге көңіл толмайтын кейіп танытты. Ауылдық округтермен, құзырлы бөлімдер мен тиісті басқармалармен арадағы өзара келісімнің жоқтығын айтқан Нұржан Нұржігітов тұрғындардың табысын арттыру бағытындағы жоспарларды қайта тиянақтауды тапсырды.