Жыл басынан бері өңірде 17 өрт оқиғасы балалардың әрекетінен орын алса, 3 бала терезеден оқыс құлап кеткен. Барлығы ата-ананың баланы қараусыз қалдыруы салдарынан болып отыр.
Осы орайда қалалық төтенше жағдай қыызметкерлері балабақшадағы бүлдіршіндерге арнайы түсіндіру сағатын өткізуде. Оларға өрт шыққан жағдайда 101 нөміріне қоңырау шалу керектігін баса айтты.