Медицина саласына жылына миллиардтап қаржы бөлінгенімен сапасы оңалмай келеді. Ақ халаттылардың айлығы көбейсе де, зәулім зәулім заманауи ғимараттар салынса да- қызмет сапасына сын азаймай келеді.
Бүгін денсаулық сақтау басқармасының есебінде осындай салмақты мәселелер қозғалды. Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов адам факторынан болатын кедергілерді азайту керектігін ескертті.