Қазіргідей елең-алаң уақытта дін саласындағы сауаттылықты арттыру – маңызды мәселенің бірі. Себебі жат ағымның жетегінде кетіп, өмірде опық жеп жүргендер аз емес. Олардың ішінде жастардың көптеп кездесуі қоғамды алаңдатпай қоймайды. Осындай қателіктерді болдырмау мақсатында аймақтың діни басқармасының ұйымдастыруымен тағы бір іс-шара ұйымдастырылды.