Бүгінде оқу орнын бітірген бойда өз мамандығымен жұмыс істеп жүрген жастар сирек. Өңірде 255 мыңнан астам жас бар. Соның ішінде 7 пайызы жұмыссыздар санатында.
«Amanat» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Талқылау» қоғамдық диалог алаңында осы жастар мәселесі талқыға түсті. Ашық әңгіме әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде таралып, облыстың бұрыш бұрышынан жастар сауал жолдады.