Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес билік басындағылар кері байланысты желі де жүргізуі керек. Ал атқамінерлер артылған бұл міндетті қаншалықты орындап жүр? Мәселен, Байзақ ауданының шаруалары субсиядия ала алмай жүргендерін желіде жиі жазған. Жауаптылардың жауабы болмағасын ауылшаруашылығы басқармасына да барыпты. Дегенмен, тұрғындар қанша талпынса да талаптарын тыңдап, бір де бір қызметкер бағыт бағдар бермепті.
Бүгін облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кері байланыс танытпаған басқарма басшылары мен аудан атқамінерлерін сынға алды. Сонымен, еститін мемлекеттің естімейтін мекеме басшылары мен әкімдері кімдер?