Интернет-алаяқтық өткен жылмен салыстырғанда біршама төмендеді-дейді мамандар. Мәселен, былтыр осы уақыт аралығында 203 қылмыс анықталса, биыл 127 дерек нақтыланып отыр. Оған себеп – халықты ақпараттандыру, яғни қылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өз нәтижесін берген сыңайлы.