Жамбылдағы жарылыс кезінде басын бәйгеге тігіп, қызыл жалынмен арпалысқан өрт сөндіру қызметкерлері айыпты деп танылды. Ел арасында халық қаһарманы атанған азаматтар сол сәтте өз қызметіне «салғырт» қарады деп қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ал айыпталып отырған екі қызметкер де өздерін кінәсізбіз дейді.