Қордай ауданы бойынша жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша берешегі 128 млн.теңгеден асқан. Осыған байланысты аудан аумағында мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен және полицейлермен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді.