ШҰҒЫЛ! АВТОКӨЛІКТІ ОНЛАЙН РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ Толығырақ

Қордай ауданында «Тұлғалар тұғыры» мемориалды кешені ашылды

21:00, 17 қазан 2016

Қай халық болмасын өз асылдарын ардақтаған, құрмет көрсеткен. Қордай ауданында халқына кеңінен танымал белгілі тұлғалар Өтеген батыр, Кебекбай шешен, Ноғайбай би мен ақын-компазитор Кенен Әзірбаевқа арналған «Тұлғалар тұғыры» атты мемориалды кешенінің ашылуы осы сөзімізге дәлел болады. Салтанатты рәсімге еңбек ардагерлері, зиялы қуым өкілдері, депутаттар мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Қордай жері ежелден құт қонған, қасиет дарыған киелі өлке. Осы өңірден елін жерін қорғаған батырлар да, би- шешендер де көп шыққан. Тіпті, ауданның аты да батыр есімімен аталатындығы сондықтан. «Тұлғалар тұғыры» деп аталатын мемориалды кешен тоғыз жолдың торабында, «Батыс – Еуропа» - «Батыс- Қытай» автожолының бойындағы жотаға салынған. Сондықтан да ол қай қырынан да асқақ бейнелі, әрі алыстан көрінеді.

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі

Қордай ауданы Жамбыл облысындағы қай салада болмасын іргелі дамып келе жатқан өңір. Биылғы жылдың өзінде екі жаңа балабақша, мектеп салынды. Енді міне, тәуелсіздік қарсаңында тағы да керемет ескерткіш бой көтеріп отыр

Мемориалдық ашылу салтанатына Астана мен ОҚО-нан, Алматы және Тараз қалаларынан көптеген елге белгілі азаматтар келді. Олардың қатарында осы Қордай жерінде туған немесе осында қызмет істеген жандар да бар. Олар Қордай ауданында ашылған ескерткіш тақтаның өткенді ел есіне салып, осы жерге еңбегі сіңген жандардың өмірі туралы өнегелі іс екендігін айтты.

Өмірбек Байгелді, қоғам және мемлекет қайраткері

Мына жерлер біздің ата-бабаларымыздың жауға шапқан жері. Мұнда талай шайқастар болған. Аңырақай шайқасы да осы маңда болды. Жаңағы тұлғалар да сол қиын кездерде осында өмір сүрді. Біз оны ұмытпауымыз керек

«Тұлғалар тұғыры» мемориалдық кешенінің биіктігі 20- метрден асады. Төбесінде үлкен шаңырақ пен оның астында алып тайқазан орнатылған. Ескерткіштің әр бұрышында Өтеген Батырдың, Кебекпай шешеннің, Ноғайбай би мен Кенен Әзірбаевтың бейнелері орнатылған. Бұндай мемориалдың ашылуы халықты бірлікке, өткенін біліп жүруге шақырады дейді зиялы қауым өкілдері. Ескерткіш 60- млн. теңгеге жеке кәсіпкердің демеушілік қаражатына салынған.

Нұрлан Оразалин, ҚР сенатының депутаты

Бұл мемориалдың ашылуы қазақ халқын бірлікке, елдікке шақырады. Себебі ел үшін, жер үшін, тұрақтылық үшін күрескен тұлғалар еді бұлар

Бұл Қордай ауданында өмір сүрген төрт тұлғаның да ел тарихында ойып тұрып алардай орны бар. Елін жерін қорғаған Өткеген батыр да, ел арасындағы небір күрделі мәселелерді шешкен Кебекбай шешен де, Қордай жерінде Қоқан хандығына қарсы шыққан қазақ руларын басқарған Ноғайбай би де, дала дүлдүлі Кенен Әзірбаев та жұрт жадында енді мәңгіге сақталады.

Сәбит Тілепов, Кенен ауылының тұрғыны

Қордай ауданында нақ осындай ескерткіштің ашылуы қуанышты жағдай. Бұрын ата-бабаларымыздың ескерткіштері әр жерлерлде тұрушы еді. Енді сол төрт батырымызды біріктіріп, бір жерге оларды елеп ескеріп ескерткіш салып жатыр. Бұл әрине жақсы

Мемариалды кешеннің ашылу салтанатынан кейін жиналған жұрт Кенен ауылындағы Кенен Әзірбаевтың мұражайын аралады. Мал сойып құран бағышталды. Отар ауылында орналасқан Кебекбай шешеннің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Әруақтарға арнап ас берілді.

Айбол Қарашев, Ерболат Дәулетәлі «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар