ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПӘКІСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ҚЫМЫЗ ӨНДІРІСІ – ҚҰТТЫ БИЗНЕС

19:42, 18 қазан 2019

 

Қымыз - құтты бизнес. Үйірілген сары алтындай сары қымыз, ауруға емес, сауға қуат дәрі қымызға – 21- ғасырда сұраныс күшейіп отыр. Осыны ескерген шаруалар жылқы сүтін кәсіпке айналдыра бастады.

Мәселен, Меркі ауданында да  «Ар-Ас» серіктестігі тау қымызын шөлмектерге құйып, саудаға шығаруда. Енді, Алатаудың бөктерінен нәр алған қымыз еліміздің түрлі қалаларындағы дүкен сөрлеріне жол тартуда. Қымыз бизнесін Келбет Шәмші тарқатсын

 

Бүгінде шаруашылық 100 бие сауып, күніне 500 литр бие сүтін шөлмектерге құйып, саудалауда. Дайын өнім ауданғы  дүкендер мен Алматы, Астана қалаларына тасымалданып жатыр екен. Сондай-ақ, дұрыс дайындалған қымыз тұнбайды. Үш айға дейін сақтауға жарамды,-дейді шаруашылық басшысы.

Мақсұт НЕСІПБАЕВ – ШАРУАШЫЛЫҚ БАСШЫСЫ
Серкітестікте қазіргі таңда  50 адам жұмыспен қамтылған. Екі сауыншы биелерді әр екі сағат сайын электрлі құрылғы көмегімен сауып отырады. Биелер күніне 3 литрге дейін, ал Ресей мен Белорусь жылқыларын бұдандастыру арқылы шыққан биелерден 7 литрге дейін сүт алынады екен.
 

Аталған шаруашылық мал қыстату науқанына да сақадай сай.Жем-шөбі қамдалған. Тіпті, 60 биені құлынымен ұстайтын қора-жай да соғыпты.Ендігі мақсат, қымыз бизнесінің көкжиегін кеңейту.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ҚАШАН ОРЫНДАЛАДЫ?
20:51, 17 қыркүйек 2021
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ҚАШАН ОРЫНДАЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫЗЫЛ АБАДТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
20:51, 17 қыркүйек 2021
ҚЫЗЫЛ АБАДТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗДА ЖҮРГІЗУШІ 4 АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ
22:02, 15 қыркүйек 2021
ТАРАЗДА ЖҮРГІЗУШІ 4 АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ
Толығырақ...