«Қазфосфаттың» жанындағы тау боп үйілген фосфор қалдығын келешекте кәдеге асыру көзделуде. Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге жіберу арқылы полигонға тасталатын қоқыс көлемін екі есеге дейін азайту – атқарушы биліктің алдағы ауқымды жоспарларының қатарында. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов облыстық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында баян етті. Жиында былтырғы бюджеттің орындалу көрсеткіші мен облыстың даму жоспары таныстырылды.