Аймақтағы ірі кәсіпорынның бірі Қазфосфат серіктестігінің жұмысшылары мен олардың отбасылары үшін жағымды жаңалық. Кәсіпорын Талас ауданындағы «Көктал» сауықтыру кешеніне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Бүгін кешеннің тыныс-тіршілігімен облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев танысты.