ШҰҒЫЛ! АВТОКӨЛІКТІ ОНЛАЙН РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ Толығырақ

«Шырқа, даусым» VIII Республикалық байқауы

21:00, 28 қазан 2016

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, аса көрнекті халық композиторы, халық ақыны Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты 8- Республикалық әншілер конкурсы өтті.

Байқау Жамбыл өңірінде осымен сегізінші рет өтіп отыр. Жыл сайын жаңа таланттардың танылып, өнер жолына қанат қағуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, композитор шығармаларының өміршең болуына, Кенен өнерінің көрермен жадында мәңгі сақталуына үлкен сеп болады.

Иә, Кенен Әзірбаев - сан өнерді жарастырып тең ұстаған ұлы өнерпаз: жырау, ақын, күйші, әнші, сазгер, шежіреші, әрі ел мұрасын сақтаушы қайраткер. Көзінің тірісінде-ақ, Алатаудың ақиығы атанған тума талант иесі 1884 жылы Қордай ауданына қарасты Мәтібұлақ ауылында дүниеге келген. 2 жылда бір өткізіліп тұратын бұл байқаудың ұйымдастырылуына Кененнің ұрпақтары да атсалысады.

Сал-серіліктің соңғы тұяғы Кенен атамыздың атымен аталатын бұл конкурсқа Республиканың 7 облысынан 23 дәстүрлі әнші қатысуда. Шаршы топты жарып, бас жүлдені иеленген өнерпаз осы бір темір тұлпарды тізгіндейді.

Осылайша  1 күнге созылған байқаудың бас жүлдесі Алматы қаласы Данияр Рахымбайға бұйырды.  Ал 1 орын да алматылық өнерпаз иеленсе, 2 орын ОҚО және 3орында Астаналық жас өрен еншіледі.

Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген дүлдүлдердің өнері келген көрерменнің де көңілінен шықты. Ұлттық ән өнерін сағынып қалған жұртшылық риясыз қошемет көрсетті. Асыл мұраларды, рухани байлықты бағалай білетін халық барда бұл байқаудың ғұмыры ұзақ болары анық.

 

Бекжан Сабыржан «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар