Бүгін Жамбыл облысына ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері жұмыс сапарымен келді. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздікті азайту мақсатында, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелерін зерделеген сенаторлар Жамбыл және Байзақ аудандарына барды. Ондағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмысшылармен кездесті. Халық қалаулылары проблемалық мәселелерге құлақ түріп, сондай-ақ, жұртшылықты алдағы 5 маусымда өтетін референдумға бір кісідей қатысуға шақырды.