Ұлы даланың бір кереметі – қазақ даласына көрік беретін қызғалдақтар екені белгілі. Даланың төскейіне қызыл кілем төсегендей болатын осы шақ шынында ғажап! Оны көзбен көру, жүрекпен сезіну, қолмен ұстау- ерекше әсерге бөлейді. Ал, осы кереметтің аясында өнеріңді өрлетіп, шығармашылығыңды шыңдау – тіпті дара.
Мамырдың мамыражай бір демалыс күнін «Анаға тағзым» орталығы осыған арнады. Үйірме қатысушылары мен ата –аналарын алып табиғат аясына шықты. Олар қып қызыл шоқтай болған қызғалдақтардың ортасында шабыттарын шалқытты.