Ауыл-аймақтарды дамытуға қатысты ұсыныстар әлі де орындалмай отыр. Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев осылай деді. Өзекті мәселелерді кезекті рет тізіп берген сенатордың сөзінше ауылдағы жұмыссыздар саны 181 мың адам деген дерек шындыққа сай емес. Ауыл халқының табысы да өте мардымсыз. Айына шамамен 35 мың теңге. Сол себепті халық қалаға ағылуға мәжбүр. Ірі аграрлық компаниялар пайда табуды ғана ойламай ауылдардың ішкі проблемаларына үңіліп, түлетуге атсалысуы керек.