Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында жастар мәселесі мен білім саласын бақылау сынды мәселелер талқыланды. Бүгінде қоғамда жұмыссыздардың басым көпшілігі – жастар. Оларды қызметпен қамту мақсатында түрлі бағдарламалар қолға алынғанымен, екі қолға бір күрек таппай жүргендер аз емес. Білім саласында да түйіні тарқамай жүрген түйткілді мәселе көп. Олардың бірқатары кеңейтілген жиында көтерілді.