ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПӘКІСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС БАСТАЛЫП КЕТТІ

16:15, 5 маусым 2019

Оқу жылы аяқталып, жазғы демалыста балалар қайда және қалай демалады?  Бұл  сұрақ барлық ата-аналарды мазалайтыны анық.  Өйткені аладағы 3 ай демалысты балалар тиімді әрі, қызықты өткізуі қажет. Осы орайда, Жамбыл облысында биыл мектеп жанынга 392 лагерь өз жұмысын бастады.Оның 11-і қала сыртындағы мемлекеттік және жекеменшік лагерлер.

Оқу жылы аяқталысымен балалар жазғы лагерьге баруға асығады. Әр лагерде   бүлдіршіндердің өз дәрежесінде тынығуы үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті, арнайы бекіткен  бағдарламалары да бар.

Шаһардағы №41 гимназияның жанынан үш тілді «Жұлдыз» лагері ашылды. Мұнда балалар уақыттарын тиімді, әрі қызық өткізу үшін  түрлі ойындар, мұражайға экскурсия жасау, сондай-ақ, спорт, тіл үйірмелері күтіп тұр.

Ақмарал ЕСЖАНОВА  -  ЛАГЕРЬ БАСШЫСЫ

/Біздің лагерде 17 топ бар.Лагерь негізінен 1 маусымнан 24 маусымға дейін жұмыс істейді.Мұнда біз балалар үшін түрлі бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарын дайындадық.Соның ішінде биллингвистика.Яғни балаларға үштілді меңгертіп, дамытатын боламыз./

Ал, лагерге 500 астам адам өтініш беріпті.Олардың басым көпшілігі 1 мен 6-сынып оқушылары. Лагерь маусымның 24-не дейін жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде балалар қазақ, орыс  және ағылшын тілдеріндегі білімдерін дамытатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ҚАШАН ОРЫНДАЛАДЫ?
20:51, 17 қыркүйек 2021
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ҚАШАН ОРЫНДАЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫЗЫЛ АБАДТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
20:51, 17 қыркүйек 2021
ҚЫЗЫЛ АБАДТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗДА ЖҮРГІЗУШІ 4 АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ
22:02, 15 қыркүйек 2021
ТАРАЗДА ЖҮРГІЗУШІ 4 АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ
Толығырақ...