Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің дамыған уақытында «хайп» жасап, халық арасында шу тудыру, сондай-ақ парақшаның қаралымын арттыру үшін азаматтарымыз, әсіресе жастар түрлі заңға қайшы әрекеттер жасап, бейнежазбаларын желіге жүктеуде. Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ғаламтор желілеріне күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіледі.