ШҰҒЫЛ! МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖАҚСАРУЫ КЕРЕК Толығырақ

ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ?

19:02, 10 қыркүйек 2019

 

Жаңа салынған жолдар неге сапасыз? Қазылған көшелер қашан қалыпқа келеді? Халықты әуре сарсаңға салып кестеден кешіккен мердігерлер жауап бере ма? Аталған мәселелер «Жамбыл – адалдық алаңы» кеңсесі ұйымдастырған жиында айтылды.  Тақырыпты Қымбат Қаржауқызы   жалғастырады.

Иә, ала жаздайғы қала көшелеріндегі ретсіздік баяғы жартас – сол жартас күйінде қалып отыр. Бұл жағдай тұрғындардың жүріп-тұруына кедергісін келтіріп қана қоймай, көлік кептілісін тудырып жатқаны – өз алдына. Жаңа оқу жылының басталғанына да бірнеше күн өтті. Мектепке жақын жердегі нысандарда қоршау қойылмаған. Оқушылардың қауіпсіздігіне бас қатырып жатқан ешкім жоқ. «Адалдық алаңының» жетекшісі Қайрат Меклисов келеңсіз көріністі осылай суреттеді. Ал, мердігерлер ақталып әлек.

Бұл - бұл ма, ең сорақысы – кейбір нысандарда жұмыстың мүлде жүрмей тұрғандығы. Онда не бір техника, не бір жұмысшыны кездестіру әсте мүмкін емес. Мұндай жағдай Комратов,  Дулати көшелерінен бастап Қонаевқа, Абай көшесінен бастап Қапал және Көшеней көшелеріне дейін жалғасады. Шашылған құбырлар, үзілген тоқ сымдары, шағал үйінділері – адам өміріне қауіп тудырмасына кім кепіл? Бәрін айт та, бірін айт – қыс болса, қыр астында. Алда жылыту маусымы жақындап келеді. Бірақ мердігерлер сылбырлық танытып, кестеден кешігіп жатқаны тағы бар.

Жиында мұнан өзге де жолға қатысты бірнеше мәселелер көтерілді. Кездесу қорытындысымен бірқатар ұсыныстар қабылданды. Бұл жолы жауаптыларға ескерту берумен шектелді. Әйткенмен, бұдан кейін кешірім болмай, тиісті шара қолданылатындығы да ескертілді.

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗДА  АЗИЯНЫҢ VІІІ АГРОХИМИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ
20:32, 27 ақпан 2020
ТАРАЗДА АЗИЯНЫҢ VІІІ АГРОХИМИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ
20:31, 27 ақпан 2020
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
11:45, 24 ақпан 2020
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
22:01, 21 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚОРДАЙДА СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ҚАРИЯ ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ
20:16, 26 ақпан 2020
ҚОРДАЙДА СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ҚАРИЯ ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ
Толығырақ...