ШҰҒЫЛ! САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

14:16, 25 қаңтар 2022

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерландта өтіп жатқан Еуропа чемпионатындағы екінші ойында жеңіске жетті. Финляндия құрамасын 6:2 есебімен ұтып, "В" тобында көш басына шықты.

Ойында финдер екі рет есепте алға шықты. Бірінші голын 13-минутта Миика Хосио өз еншісіне жазды. Тайм аяқталғанға дейін Біржан Оразов таразы басын теңестіре білді. Финяляндия құрамасы екінші таймды да сәтті бастады. 23 минутта Ян Корпела тепкен допты Игита қайтарып үлгермеді. Есесіне қақпашымыз араға бірер минут сала есепті теңестірді. Нәтижесінде үш Еуропа чемпионатында гол соққан голкипер ретінде тарихқа енді. 29 минутта Арнольд Кнауб Қазақстанды есепте алға шығарды. Одан кейін араға екі минут сала Біржан Оразов дубль жасады. 33 минутта Арнольд Кнауб та екінші голын соғып, дубль авторы атанды. Ойында Қазақстан құрамасының алтыншы голын Азат Валиуллин өз еншісіне жазды. Ол Дуглас берген пасты сәтті пайдаланды. Қазақстан құрамасы екі ойыннан кейін 4 ұпай жинап, жеке дара көш бастады. Топтағы соңғы ойынын 28 қаңтар күні Италияға қарсы өткізеді.

Тақырып бойынша материалдар

ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ
21:09, 24 мамыр 2022
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар