Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Тараз арена спорт сарайында дәстүрлі облыстық спартакиада өтті. Жарысқа 600-ге жуық маман қатысып, спорттың 6 түрінен сайысты. Жарысқа қатысқан 29 команда шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және жүзу сайыстарынан сынға түсті.