20 шілде – Дүниежүзілік шахмат күніне орай, Меркі ауданының «Құрметті азаматы» еңбек ардагері Есбер Белхожаев еске алуға арналған шахматтан дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті. Турнирге Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Тұрар Рысқұлов, Меркі аудандарынан және Шу, Алматы қалаларынан келген, барлығы 50-ден аса шахматшы қатысты.